Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды

Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының 8-нен 9-на қараған түні Ескіқалалық полиция бөліміне орталық ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 27 жастағы қала тұрғыны жатқызылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен оқиға сөзге келіспеушілік салдарынан болғаны және оның барысында травматикалық қару қолданылғаны анықталды. Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

– Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20 мен 37 жас аралықтарындағы төрт күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлерімен бұзақылық әрекетті бастауға себеп болған 30 жастағы ер адам анықталды. Ол қаладағы үйлердің ауласында жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, травматикалық қарумен оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қару тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оқиғаға қатысқан басқа да азаматтарды ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру