Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

36 813 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын құрылғылар арқылы 36 813 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көше бойларына 2020 жылы жалпы саны 13 дана “АРКАН” стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылып, олар 11 маусымнан бастап іске қосылған.

Аталған құрылғылар автокөлік құралдарының жылдамдық асыру дерегін автоматты түрде анықтайды.

Қала орталығында орнатылған әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын құрылғылардың көмегімен 2020 жылы барлығы 348 млн 545 мың 195 теңгеге 36 813 құқық бұзушылық анықталған.

ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi тартылады.

Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады.

Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.

ҚР ӘҚБтК-нің 807-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, яғни ұйғарым болып шығарылады.

Құқық бұзушылық автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейнекамералармен анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 822-1- бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне (иесіне) жіберіледі) ұйғарым шығарылып, “КазПочта” жеткізу қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекенжайына жіберіледі.

Кодекстің 811-бабының 1-бөлігінің талаптары бойынша тұлға автоматты жүйеде жұмыс атқаратын арнайы бақылау өлшегіш техникалық құралымен анықталған құқық бұзушылық деректерінің айыппұлын елу пайыздық жеңілдікпен, шығарылған ұйғарымды қолына алған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеуге құқылы.
Кодекстің 743-бабының 4-1 тармағы бойынша егер жеке немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтаруға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаларға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе заңды тұлғаның жауапты қызметкеріне аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабарламаға қол қою арқылы хабардар етушіге кейін қайтарылса, тұлға ұйғарымды алды деп есептеуге болады делінген.

Кез келген тұлға өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлды жеті тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге құқылы, жеті тәулікте төлемеген жағдайда 30 тәулік ішінде ерікті түрде толық көлемде төлейді.

Аталған іс әрекеттер орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 894 – бабының талаптарына сәйкес, мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушылар палатасына жолданып, салынған айыппұл соммасынан бөлек 25 пайыздық үстемақы жеке сот орындаушыларға төленеді.

Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек, екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы және “Каспи банк”, Халық банк”қосымшалары арқылы да төлеуге болады.

Айыппұлды төлеу үшін әкімшілік хаттама нөмірі керек. Сонымен қатар айыппұлды egov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады.
Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.

Айыппұлды Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы №22 мекенжайында орналасқан Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек, терминал және “Еgov.kz” электронды сайты арқылы да төлеуге болады. Қала тұрғындарына айыппұлдарын төлеуге кеңесшілер көмек көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру