Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

2020 жылы Ақтөбе облысы ПД-нің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр Ақтөбеде 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Оның ішінде: 35 – көші-қон заңнамасы бағыты бойынша, 340 – жол қозғалысы ережелерін бұзу, 27 – салық заңнамасы, 73 – өзге де әкімшілік бұзушылықтар, 28 – дін саласындағы бұзушылықтар бойынша, 27 адам – әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 48 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде: екі қылмыс-терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, 11 қылмыс-экстремистік сипаттағы, 37 қылмыс-жалпы қылмыстық сипаттағы Диструктивтік діни ағым ұстанушылар жақтаушылары жасаған.

Өткен кезеңде террористік тұрғыдан осал 287 объектісі тексерілді, тексеру нәтижелері бойынша 194 бұзушылық анықталып, басшыларына оларды жою және ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар енгізілді, 18 басшыға қатысты әкімшілік хаттама жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру