62 жастағы әйел әлеуметтік қызметкердің атын жамылып, зейнеткерлерді алдаған
Алматыда 62 жастағы әйел әлеуметтік қызметкердің атын жамылып, зейнеткерлерді алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматыда өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған 62 жастағы әйел ұсталды.
– Күдікті өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарттарға азық-түлік жеткізуге және қамқорлық жасауға көмектесуді ұсынды. Аудан тұрғынынан полицияға өз сенгіштігінің құрбаны болғаны туралы арыз келіп түсті. Ақшаны алу механизмі қарапайым болды: әйел өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырып, азық-түлік дүкеніне барып келуді ұсынып, зейнеткерден бірнеше рет ақша ауыстырып беруін сұраған, ал жинақтың қайда сақталғанын көргеннен кейін, қолайлы сәтте 3 миллион теңгені ұрлап кеткен. Күдікті қазір қамауда. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Күдіктінің осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.