Бейнекамераларды ұрлаған Екібастұз тұрғыны ұсталды
Бейнекамераларды ұрлаған Екібастұз тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Екібастұз қаласының ПБ учаскелік инспекторлары Санат Танжарық пен Қанағат Кәкенов қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскені аралау барысында 1992 жылы туған ер адамды ұстады. Ол бейнебақылау камераларын ұрлады деп күдіктелді.
Екібастұз қаласының Южный көшесі мекенжайындағы құрылыс материалдары базаларының бірінің аумағынан бақылау камерасына түсірілген бейне болды, кадрларда күдіктінің камераны шешіп жатқанын көруге болады.
– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тексеру аясында қызметкерлер камералары дәл осындай жолмен тоналған тағы алты жәбірленушіні анықтады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы-келу туралы міндеттеме берілді, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев