Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО колонияларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді

ШҚО колонияларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Колония қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы колонияларда санитарлық күн өткізіп, тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде қызметкерлер және сотталғандардың арасында аурудың таралуын болдырмау мақсатында мекемелердің барлық үй-жайлары дезинфекцияланды.

– Сотталғандар арасында да, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында да бетперде тағып жүру тәртібі  күшейтілді. Сондай-ақ, сотталғандар мен қызметкерлерге ревакцинация жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мекемелердегі барлық үй-жайлар кварцтардың қосылуымен және арнайы құралдармен дезинфекцияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру