Ақтөбе облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде
Ақтөбе облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Президенттің Жарлығымен 16 қаңтардан бастап Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынды.
Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.
Іс-шараны өткізу кезеңінде Қобда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі атыс қаруын (бір тегіс ұңғылы, бір травматикалық) және 14 оқ-дәріні тауып, тәркіледі.