Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрмыс» іс-шарасы: Маңғыстауда үш күнде 4 мыңнан астам адам тексерілді

Маңғыстауда үш күнде төрт мыңнан астам адам тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24-30 қаңтар аралығында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында республика аумағында, оның ішінде Маңғыстау облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шаралар шеңберінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олардың профилактикасын жүргізу бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Тұрмыс» операциясының үш күнінде облыс полицейлері тұрғылықты жері бойынша 4 мыңнан астам адамды, оның ішінде 384 қолайсыз отбасын тексерді. Тәртіп сақшыларымен 383 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 42, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 26 және т.б.

Нашақор және маскүнем санаты бойынша 50 адам есепке қойылды. Сонымен қатар, 15 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру