Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғанның шектеу жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды

ШҚО-да сотталғанның шектеу жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика аумағында 7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Профилактикалық іс-шаралардың мақсаты – есепке тұрған адамдарды құқық бұзушылық мінез-құлыққа тәрбиелеу, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың және қайталама қылмыстардың алдын алу.

Алайда есепте тұрған сотталғандар қатарынан жаза өтеу тәртібін өрескел бұзушылар да кездеседі. Атап айтқанда, сотталған С. жазасын өтеуден жүйелі түрде жалтарып, өзін теріс жағынан көрсетті. Ол аз мерзімде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген, пробация қызметіне тіркеуге келмеген, тексеру барысында көрсетілген мекенжайында болмаған.

Осыған орай сотқа бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным жолданған. Сот аталған ұсынымды қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Жазасының өтелмеген бөлігін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру