Павлодар облысында ауыл тұрғынынан тапанша тәркіленді
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 ақпанда полицейлер Шарбақты ауданы тұрғындарының бірінің қоймасынан заңсыз сақталған тапаншаны тәркіледі.
– Тапанша нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, полицияға аталған затты ауыл тұрғыны қандай мақсатта сақтағанын анықтау керек, – деді Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Қанағат Баисов.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану қылмыстарының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.