Петропавлдың сыртындағы айналма жолда болған жол апатында бір адам көз жұмды
Петропавлдың сыртындағы айналма жолда болған жол апатында бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 ақпан күні сағат 09:58-де Петропавл қаласы Полиция басқармасына Бармалей мейрамханасы мен Теплий канал арасындағы айналма жолда ВАЗ-2114 автокөлігі мен SEM алдыңғы жүк тиегішінің (трактор) соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2114 көлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Оқиға орнына Петропавл қаласы ПД жедел-тергеу тобы барды. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтауы қажет. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
СҚО жолдарында қаңтар айында 15 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан алты адам қаза тауып, 20 адам жарақаттар алды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын ауа райының өзгерістерін ескере отырып Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.