Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды

Шымкентте мешітте ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда қаладағы мешіттердің бірінде болғанында қуат көзінде тұрған Samsung ұялы телефонын белгісіз біреудің қолды еткенін жазып көрсеткен. Яғни, әккі ұры айналасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына жұмылды. Еңбекші АПБ полицейлері ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау камералары жіті қаралды.

Нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ол 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру