Саран полицейлері ұрланған көлікті иесіне тауып берді
Саран полицейлері ұрланған көлікті иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қаңтарда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 34 жастағы ер адам жүгінген. Үйдің ауласынан біреу көлік ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – Теміртау қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.