Павлодарлық полицейлердің балалары челлендж бастады
Павлодарлық полицейлердің балалары челлендж бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өмірде әрқашан ерлікке орын бар. Біз өзімізді құрбан етіп, басқаларды құтқарып, өз өмірімізді жақсылық үшін бергенімізді ұзақ уақыт есімізде сақтаймыз. Бірақ басқа да ерліктер бар. Ол күнделікті адал жұмыс, көрінбейтін, бірақ бізге тыныштық беріп, армандауға, сүюге, қорқынышсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дәл осындай жұмыс полицейлерде.
Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция қызметкерлерінің балалары челлендж бастады.
– Әкем жұмыс істеген кезде ол басқаша, байсалды, маңызды, тіпті белгілі бір дәрежеде қатал. Полиция қызметіне әкем анаммен отау құрмай тұрғанда келген. Оның басты жұмысы – қылмыстық істерді тергеу, – деді 8 жасар Қамай Айнұр өзінің әкесі, тергеу бөлімінің аға тергеушісі Арман Жүсіпбаев туралы.
Әкелері аға кезекші инспектор полиция майоры Руслан Бақтыбаев туралы 10 жастағы Аңсар мен алты жасар Диана Бақтыбаевтар да айтып берді.
– Әкем көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі, өйткені біздің әкеміз полиция қызметкері. Кейде әкем үйде болмаған кезде кезекшілікте болады. Біздің әкеміз ең мықты, ең батыл, қамқор, ең жақсы адам! Біз әкемізді өте жақсы көреміз, – деді балалар.
Бес жасар Злата Дорденко полиция қызметі туралы өз идеяларымен бөлісті, әкесі полиция майоры Денис Дорденко Штаб аға инспекторы болып қызмет етеді.
– Менің әкем полиция майоры Денис Дорденко. Әкемнің жұмысы өте қауіпті. Ол күні бойы қызметте, сондықтан ол үйде болғанда мен қатты қуанамын. Біз әкеммен бірге сырғанақ тебеміз, – деді Злата Дорденко.
– Менің әкем полиция қызметкері, ол маскүнемдерді ұстайды. Мен әкемді мақтан тұтамын!, – дейді 5 жасар Жақсылық Мусин әкесі полиция аға лейтенанты Ринат Мусин, Ертіс аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі туралы.
Кішкентай балалар да болашақта полиция қызметкері болуды армандайды, қазірдің өзінде бұған жету үшін көп күш салуда. Олар жақсы оқиды, спортпен шұғылданады. Біздің ойымызша, бұл олардың қолынан келеді.
– Біз әкелерімізге тыныш кезекшілік, сәттілік, денсаулық және бақыт тілейміз, – дейді балалар.