Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталған біржолғы әлеуметтік көмек алды
Ақтөбеде есептегі сотталған пробация қызметінің қолдауымен біржолғы әлеуметтік көмек алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” және “Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның өтініші” бойынша аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен арнайы комиссия отырысында Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған М.-ның әлеуметтік-материалдық көмек алуға жазған өтініші қаралды. Яғни, бұған дейін пробация есебінде тұрған сотталған ҚР заңнамасының негізінде өзіне әлеуметтік-материалдық көмек көрсету жөнінде өтінішпен Хромтау аудандық пробация қызметіне жүгінген болатын.
“Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің” басшылығы және басқа да комиссия отырысы өкілдерінің қатысуымен өткізілген кеңес барысында бас бостандығынан шектеуге сотталған М.-ға 80 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шешім бірауыздан қабылданып, төленді.