Жезқазғанда қызғаншақ жігіт достарымен қарсыласының пәтеріне басып кірді
Жезқазғанда қызғаншақ жігіт достарымен қарсыласының пәтеріне басып кірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 наурызда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 28 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адамның айтуынша, түнде біреулер оның пәтеріне заңсыз басып кірген.
Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 35-42 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, жәбірленуші бір әйелге бола шабуыл жасағандардың бірімен жанжалдасып қалған. Соңғысы достарын көндіріп, жеке мәселесін шешу үшін арызданушының үйіне келген.
ҚР ҚК-нің 149-бабы (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.