Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің жұбайын мерекемен құттықтады

Семейде ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің жұбайын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің жұбайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап қайтты. ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері өздерімен бірге 22 жылға жуық қызмет атқарған Жанатқали Асылбаевтың жары Маржанмен қарым-қатынастарын үзген емес.

Маржан Токеновна қазіргі уақытта Жанатқали екеуінің көздерінің қарасы мен ағындай ұлы Алишер мен қызы Даянаны өсіріп, немере қызығын көріп отырған асыл ана, ардақты әже. Балаларының қуанышынан басқа Маржанның жанына рахат сыйлайтын сүйікті жұмысы бар. Семей қаласының Көлік колледжі директорының орынбасары лауазымда қызмет етіп, қазақ жастарының білім алуы жолында еңбек етуде.

– Мерекенің мен үшін бүгінгі бастамасы қатты толқытты. Жұбайымнан айырылып қалғаныма бір жылдан аса уақыт өтсе де, мекеме ұжымы маған әлі де қарайласып келеді. Бұл жанға демеу, жылулық қой. Тек ризашылығымды білдіріп, жұмыстарына жеміс тілеймін, – дейді Маржан көзіне жас ала.

Осы орайда айте кетейік, ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрамы мереке қарсаңында мекемелерінде қызмет атқарған сегіз әріптестерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру