Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы орталығында граффити жазулары жойылды

Алматы орталығында граффити жазулары жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша оған еріктілер, сонымен қатар саналы, белсенді жастардың өкілдері қатысты.
Белсенділер мен тәртіп сақшылары шаһардың көпқабатты және тұрғын аудандарын, сондай-ақ жас ұрпақ ең көп шоғырланатын жерлерді қамтыды.

Олар синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити жазуларды анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үйлердің, гараждардың және кеңсе ғимараттарының қабырғаларына есірткінің таралуын насихаттайтын сайттарды жарнамалайтын трафареттер мен граффитилер боялған. Бұл науқанға 50 адам қатысты.

Шара соңында ол қала тұрғындарына тақырыптық брошюралар таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру