Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген 13 шетелдік анықталды
Екібастұзда заңсыз жұмыс істеп жүрген 13 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласында 13 шетелдік Құнаев көшесіндегі өндірістік базадан табылды. Олар жұмысқа берілетін рұқсат алмай, құрылысшы ретінде қызмет еткен. Әр шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама құрастырылды, материалдар сотқа жіберілді.
Бұдан басқа, құқық бұзған шетелдіктерді баспанамен қамтамасыз ету, ішкі істер органдарын шетел азаматтардың келуі жайлы уақытында хабарсыз қалдырғаны үшін қабылдаушы тұлғалар ҚР ӘҚБТК-нің 518-бабы бойынша жауапқа тартылды.
71 жастағы әйел Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, 2001 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының азаматтылығын қабылдау фактісі анықталды. ҚР азаматтығынан айырылып, басқа азаматтылығын алғаны жайлы сәйкес органдарды мәлімдемеуі үшін ҚР ӘҚБТК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.