Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда қонаққа келген әйелдер үй иесінің есепшотынан 1,5 млн теңге аударып алған

Теміртауда қонаққа келген әйелдер үй иесінің есепшотынан 1,5 млн теңге аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Арызданушы сол күні үйіне екі келіншекті қонаққа шақырған. Арада уақы өткен соң шақырылған қонақтар кеткенде үй иесі олардың қасына қалдырып кеткен ұялы телефонының банк қосымшасынан 1 млн 426 мың теңге ақшасының аударып алғанын көрген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” 42 және 47 жастағы екі күдікті әйел анықталып, ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру