Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі 80-ге жуық сотталған коронавирусқа қарсы екпе алды
Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі 80-ге жуық сотталған коронавирусқа қарсы екпе алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 80-ге жуық сотталған ерікті түрде коронавирусқа қарсы Қытайда өндірілген Sinopharm және Vero Cell екпелерін алды.
– Екпе алған сотталғандар тәулік бойы мекеме дәрігерлерінің бақылауында болды және қазіргі таңда жағдайлары жақсы. Сонымен қатар, алдағы күндері мекемеде жазасын өтеуші басқа сотталғандар да екпе алуға ниеттеніп отыр, – дейді КА-168/2 түзеу мекемесінің медицина бөлімінің бастығы Азамат Абугалиев.