ШҚО-да колония қызметкерлері өріктің ішінен есірткі тапты
ШҚО-да колония қызметкерлері өріктің ішінен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кептірілген өрікке және шампунь бөтелкесінің ішіне есірткі жасырып, пошта арқылы жіберген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұл жолы есірткі кептірілген өрік пен шампунь бөтелкесіне жасырылған.
ОВ-156/2 төтенше қауіпсіздік колониясының қызметкерлері Ұлттық ұланның 6699 әскери қызметшілерімен бірге сотталғандардың біріне сәлемдеме беру кезінде есірткіні тапты.
Алматылық сәлемдеме жөнелтуші кептірілген өріктің ішіне, яғни дәннің орнына целлофан қапшығына салып, есірткіні жасырған. Сондай-ақ, шампунь бөтелкесінің астына дәл осылай целлофанға есірткіні салып, үстінен ешкім байқамас үшін шампунь құйып қойған.
Табылған заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша тергеу тағайындалды.