ШҚО тұрғыны марқұм атасының үш қаруын тапсырды
ШҚО тұрғыны марқұм атасының үш қаруын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуірде Абай аудандық полиция бөліміне 27 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны акция аясында өз еркімен тіркелмеген үш қару: 32 калибрлі ТОЗ-32 маркілі тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ маркілі тегіс ұңғылы мылтық және 5,6 калибрлі ТОЗ-8 маркілі ойық ұңғылы мылтықты тапсырды. Ер азамат бұлардың барлығы өзінің марқұм атасынан қалғанын айтты.
Барлық қару-жарақтың жағдайы жақсы және атуға жарамды.
Төлемдердің алдын ала сомасы шамамен 280 мың теңгені құрайды.