Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен әскери қызметшілер арасында оқ атудан жарыс өтті

Солтүстікқазақстандық полицейлер мен әскери қызметшілер арасында оқ атудан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдарының 52 қызметкері Қазақстан полициясының 30 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай оқ атудан өткен спорттық жарыста өзара мықтыны анықтады. Макаров тапаншасынан ату бойынша жарысты СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылардың әрқайсысына сынамалы түрде үш рет атып көру мүмкіндігі берілді, кейін олар есепке алынатын он патрон атты. 100 ұпайдың 81-ін алған СҚО МКҚБ қызметкері Дәурен Шәріпов жарыстың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, полиция қызметкерінің бұл спорт түріне қызығушылығы 1998 жылы әскер қатарында жүрген кезде пайда болған. Офицер 18 жыл бойы полиция қызметінде өзінің ату дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады. Тек бір ұпаймен қарсыласына полиция капитаны Думан Мәкенов есе жіберді. Үшінші орын СҚО ПД аға инспекторы Шыңғыс Қазистайға бұйырды. Спортшы 78 ұпай жинады.

Командалық ынтымақтастың арқасында ұжым жақсы нәтижелерге ие болды – 299 ұпай жинаған СҚО ПД қызметкерлері құрметті бірінші орынды алды, ал ҚР Ұлттық ұлан академиясында жалпыкомандалық екінші орын, 141 ұпайды алған Есіл ауданының полиция бөлімінің командасы үшінші орынға тұрақтады.

– Жарысқа дене шынықтыру қоғамының 18 ұжымы, оның ішінде аудандық полиция бөлімдерінің 12 қызметкері қатысты. Салауатты өмір салты мен дене шынықтыру дайындығын қолдау үшін полицейлер күн сайын тир мен жаттығу залдарында спортпен шұғылданады, – деп атап өтті СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша жүлдегерлерге кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру