Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды

Шымкентте өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкен алдында тұрған көлікті белгісіз адам заңсыз айдап кеткені туралы хабарлама 102 арнасына түнгі уақытта түскен. Көлік иесінің айтуынша, азық-түлік дүкенінен сауда жасап жатқан кезінде бейтаныс азамат Hyundai Accent көлігін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің сөзінше, ол дүкенге бірнеше минутқа ғана кірген.Тәртіп сақшылары Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмегімен автокөліктің жүру жолын анықтап, кінәлі азаматты ұстауға криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері бағытталған.

Нәтижесінде, полицейлер ұрланған көлікті екі сағат ішінде тапқан. Ер адам көліктің нөмірін шешіп, өз үйінің ауласына қойғаны анықталды. Көлік заңды иесіне қайтарылды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу)  тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру