Түркістандық жігіт танысын ұрып-соғып, телефонын тартып алған
Түркістандық жігіт танысын ұрып-соғып, телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі сағат 00:10 шамасында саябақта өзінің танысы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 120 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті жергілікті тұрғын бір тәулік ішінде ұсталды. Оны тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, екі жігіт қаладағы саябақтардың ішінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан ұялы телефонын ашық түрде тартып алып, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Жігіттен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.