Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жалған қоңырау шалушы бір жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпанда масаң күйдегі ер адам 102 арнасына Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жарғыш техниктер мен басқа да шұғыл қызметтердің өкілдері келіп жетті. Аталған үйдің жанында масаң күйдегі ер адам ұсталды. Жеке тексеру барысында ешбір жарылғыш қауіпті зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

8 маусымда Петропавл қалалық соты оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды.

– Ер адамның заңсыз әрекеті қалалықтардың тыныштығының шырқын бұзды. Осындай оқиғалар меншік иелеріне материалдық шығын келтіре отырып, объектілердің жұмысына жиі кедергі жасайды, адамдардың тыныштығын бұзады, ғимараттарды тексеру үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Телефон терроризмі үшін ҚР ҚК 273-бабының санкциясына сәйкес ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн, – дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру