Павлодарда жергілікті полиция қызметінің басшысы медальмен марапатталды
Павлодарда жергілікті полиция қызметінің басшысы медальмен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болды.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жоғары мемлекеттік награданы тапсыра отырып, әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы халықтың әділдігі мен мемлекеттің тиімділігіне деген сенімі үшін жауапты барлық полицейлердің қажырлы еңбегіне толы екенін атап өтті.
– Қазақстан полициясының мерейтойлық жылында марапатқа ие болу мен үшін үлкен құрмет. Осы жылдар ішінде біздің еліміз үлкен жетістіктермен және күрделі сын-қатерлерді еңсерумен белгіленген үлкен жолдан өтті. Кез келген мемлекеттің жетістігі оның азаматтарына байланысты. 30 жыл ішінде полицейлер ұйымшылдық пен патриотизмді көрсетті. Менің бүгінгі марапатым – Павлодар қаласының барлық полицейлерінің ортақ жеңісі. Біз алдағы уақытта да қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өзіміздің азаматтық және қызметтік парызымызды абыроймен орындайтын боламыз, – деп атап өтті Арман Қаптаев.
Павлодар облысының Полиция департаменті кәсіби шеберлікті, сөзсіз беделді, әділеттілік пен адамгершілікті сәтті ұштастырған тәжірибелі басшыны лайықты марапатымен құттықтайды.