Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік сатып алмақшы болған ақтөбелік ақшасынан айырылып қалды

Көлік сатып алмақшы болған ақтөбелік ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

24 жастағы ақтөбелік автокөлік сатып алуға бекінді. Хабарландыру сайтында тиісті көлігін тауып, иесімен Whatsapp арқылы хат алмасып, бағасын ойласып, РФ-дан Ақтөбе қаласына Mercedes-Benz- Е 200 автокөлігін жеткізу туралы келісті.

Сатушы алдын ала төлем жасауды өтінді, оған сатып алушы бірден келісіп, 500 мың теңгені аударып жіберген. Ақша түскеннен кейін сатушы байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен. Содан кейін жәбірленуші полицияға жүгінді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру