Көкшетаулық полицейлер 17 жастағы “синтетиканың” салушысын ұстады
Көкшетаулық полицейлер 17 жастағы “синтетиканың” салушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20-25 шілде аралығында ақмолалық есірткі полицейлері синтетикалық есірткінің екі салушысын ұстады, олардың біреуі кәмелетке толмаған.
“Қарасора-2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметінің бағыттарының бірі – есірткі заттарын, оның ішінде синтетикалық заттарды өткізу фактілерінің жолын кесу.
20 шілдеде Көкшетау қаласында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні тарату үшін облыс орталығына келген 17 жастағы “синтетиканың” салушысын ұстады. Ұстау барысында жасөспірімнен құрамы ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы, қара түсті “ziplok” су қағазында 25 қалташа табылып, тәркіленді.
Бес күннен кейін жедел уәкілдер 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оны тінту барысында оған тиесілі барсеткадан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы, қара түсті “ziplok” су қағазында 64 қалташа табылып, тәркіленді.
Екі жағдайда да ұсталғандардан телефондар тәркіленді, олардың көмегімен “салушылар” жасырған есірткі заттарының фототүсірілімдерін жүргізген.
– Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жасөспірімдердің айтуынша, олар тек облыс орталығының аумағында “жұмыс істеген”, – деді Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Виталий Гудыменко.