Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтардың үйлерін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды

Алматылықтардың үйлерін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл топтың құрамына Тәжікстан, Қырғызстанның тумалары мен жергілікті тұрғын кіреді.

– Барлығы үш адам ұсталды. Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара «бөліскен». Олар – орындаушылар. Тасымалдаумен біздің жерлесіміз, Алматы облысының тұрғыны айналысқан. Ол 35 жаста. Қаскөйлер әшкерелену қарсаңында Шоқай көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірін тонап кеткен. Құқық бұзушылардың бөтен адамның үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Олардың сол кездегі қылмыстық олжасы цифрлық, тұрмыстық техника, сонымен қатар үй иесінің жеке заттары болды. Ер адам «келушілерден» келтірілген материалдық шығынды 45 000 теңгеге бағалаған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің айтуынша, полицияның арнайы жасақтары мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде «гастролерлер» ұсталды.

– Біз бұл «трио» жасаған басқа эпизодтарды да жоққа шығармаймыз, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз. Сонымен қатар, ұрланған мүлікті сату арнасын анықтаймыз, – деді Науатов.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру