СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісін анықтады
СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ЕС-164/3 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп, қару сақтаудың заңсыз фактілері туралы ақпаратты анықтады.
Көрсетілген ақпарат өзара іс-қимыл және одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде процестік шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі атыс қаруы табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында қажетті тергеу әрекеттері кешені жүргізілуде.