Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы саптық бөліністердің жиынын өткізді

ШҚО ПД бастығы саптық бөліністердің жиынын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамызда ШҚО Полиция департаментінің плацында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полициясы мен ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы саптық бөліністерінің жиыны өтті.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын жеке тексерді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша міндеттерді қойды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға кіріскен полиция қызметкерлері облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы хабардар етіліп, бағдарлармен танысты.

– Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар облыс автожолдарындағы апаттылық деңгейінің 24,8%-ға (310-нан 233-ке дейін), сондай-ақ жарақат алғандар саны 24,5%-ға (429-дан 324-ке дейін) және қаза болғандар саны 28,1%-ға (32-ден 23-ке дейін) төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті Серік Жүнісбеков.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің назарын жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, жол қозғалысының барлық қатысушыларының ЖҚЕ-де көзделген қатаң сақтауына, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жарақаттану мен өлім санын азайтуға, оның ішінде жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға ықпал ететін қосымша шаралар қабылдауға аударды.

Бұдан бөлек, ПД бастығы қосымша жеке құрамға қызмет өткеру кезінде жылдамдық режимінің бұзғандарды анықтауға, жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді орнату және пайдалану фактілеріне, көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқаратын, маневр жасау қағидаларын бұзатын адамдарды анықтауға назар аударуға тапсырма берді, осы бағыттағы жұмыстар жалпы Өскемен қаласының көше-жол желісіндегі және жалпы аймақтағы жағдайды жақсартуға және сауықтыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға және Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісіп, салтанатты маршпен өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру