Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мопед ұрлауды кәсіп еткен алматылық жұп қолға түсті

Мопед ұрлауды кәсіп еткен алматылық жұп қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасаумен айналысқан әйел 27-де болса, оның серігі – 26 жаста. Олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қазіргі уақытта ұсталғандардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Осы қылмыстарды жасау кезінде қаскөйлер бейнекамералардың объективіне түсіп қалған. Күдіктілердің жеке басы анықталды және ұсталды. Жұп қылмыстық әрекеттің жоспарын бірге әзірлеп, жүзеге асырды. Олар қала көшелерінде қараусыз қалған мопедтерді аңдып, ұрлап кеткен. Содан кейін мүлікке өз қалаулары бойынша иелік еткен, – деді Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Ол Алматы облысының тумасы, бұрын заңмен мәселелері болмаған. Серігі Түркістан облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Қазіргі уақытта тергеушілер дуэттің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру