Өскеменде полиция қызметкерлері әскери-техникалық мектебінің тәлім алушыларымен кездесті
Өскеменде полиция қызметкерлері әскери-техникалық мектебінің тәлім алушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ бастығының орынбасары Марат Баяндинов ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің қалалық филиалының тәлім алушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Кездесу барысында полиция қызметкері құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу тәртібі, ҚР ІІМ-де бастапқы даярлықтан өту шарттары туралы айтып, полиция қатарын толықтыруға шақырды.
Марат Баяндинов Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтып, кандидаттарды іріктеу, тестілеуден және дене шынықтыру дайындығынан өту өлшемдері, сондай-ақ полициядағы жұмыстың ерекшеліктері мен түрлі бөлімшелердің күнделікті қызметі туралы айтып берді.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
– жұмыс беруші есебінен алғашқы даярлық оқыту;
– тұрақты және уақтылы жалақы;
– тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;
– мансаптық өсу;
– емдеу мекемелерінде және ведомстволық ұйымдарда тегін медициналық қызмет көрсету;
Енді орта біліммен жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызметке тестілеуден өтудің қажеті жоқ.
Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 232-824, 232-700, 232-619 немесе Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152.