23 жастағы ақмолалық мотоцикл ұрлады деген күдікке ілінді
23 жастағы ақмолалық мотоцикл ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйекте Қорғалжын ауданының полиция бөліміне Қараегін ауылының 45 жастағы тұрғынының 1 қыркүйек күні үйінің ауласынан еркін қол жеткізу арқылы YAKI мотоциклі ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 360 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қаскүнемнің жеке басын анықтады. Целиноград ауданының 23 жастағы тұрғыны өз ісін мойындады. Жас жігіт өтініш берушіде қысқа уақыт жұмысшы болып қызмет еткен.
1 қыркүйек көлік құралының иесі ұйықтап жатқанда қаскүнем мотоциклді үйдің ауласынан итеріп шығарып, кейін елордаға мініп кеткен. Жас жігіт оны сатуды жоспарлаған. Алайда Нұр-Сұлтан қаласына барар жолда мотоцикл істен шыққан. Ақмолалық оны Целиноград ауданы Өтеміс ауылында салынып жатқан мектеп аумағында қалдырған.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды.