Үйінде шу шығарған өскемендікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Үйінде шу шығарған өскемендікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қылмыстарға жол бермеу мақсатында полицейлер тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Мәселен, Өскемен қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор Алена Мокинаға әйел адам азаматтық некедегі жұбайына шағымданып, ішімдік ішкен күйеуі отбасында жанжал шығаратынын айтқан.
Отбасылық құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырыды. Ол бойынша сот отырысының шешіміне сәйкес ескерту түрінде жаза қолданылып, 1 жылға мінез-құлыққа ерекше талап қойылды.