Ақмола тұрғындары кәсіпорын қоймасынан мың қап ұрлап кеткен
Ақмола тұрғындары кәсіпорын қоймасынан мың қап ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазанда Шортанды аудандық полиция бөліміне ЖШС директорының ұрлық жасалғаны туралы арызы келіп түсті. 27 жастағы ақмолалықтың айтуынша, 9 қазанда ұн өндіретін кәсіпорынның қоймасынан 2 қаптама полиэтиленді қап ұрланған. Әр қаптамада көлемі 25 келі болатын 500 қап болған. Залал сомасы 100 мың теңгеден астам. Орауыш материалдардың жоғалғаны тексеріс барысында анықталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар ЖШС-ның 29 және 32 жастағы екі қызметкері, диірмен кешенінің операторлары болып шықты.
9 қазанда сағат 23:00 шамасында әріптестер құлыпты бұзып, қоймаға кіріп, ұрлық жасаған. Ер адамдар орау материалын сатып үлгермеген. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.