Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Жамбыл полицейлері көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда сағат 22:10 шамасында Тараз қаласы Тәуке хан көшесінің бойында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Volkswagen Golf автокөлігiн тоқтатты.

Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысы жүргізушінiң «орташа дәрежедегi» мас күйінде көлік жүргізгенiн растады.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 16 наурыздағы шешімімен ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру