Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ЖКО болды: екі адам ауруханаға жатқызылды

Ақмола облысында ЖКО болып, екі адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда Бурабай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының диспетчерінен Щучинск қаласында ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны – Toyota Windom автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ жағдайында рөлді басқара алмай, 47 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

ЖКО салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру