Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 86 жасөспірім полицияға жеткізілді

Жамбыл облысында күзгі демалыс кезеңінде 86 жасөспірім полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Күзгі мектеп демалысы кезінде облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға жол бермеуге бағытталған мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Жергілікті тексеру барысында ішкі істер органдарына 86 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 94 заңды өкіл және өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал екі заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың үйден кетуі бойынша екі дерек тіркелді. Балалар табылды және заңды өкілдерге тапсырылды.

8 қарашада Тараз қаласының 43 жастағы тұрғыны сағат 18:00 шамасында үйден велосипедпен шығып кеткен 7 жасар баласының оралмағаны туралы полицияға жүгінді. Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы кірісті. Қызметкерлер кәмелетке толмаған адамның көршілерінен таныстарына дейінгі барлық қарым-қатынас шеңберін пысықтады. Iздеу кешкі күннің салқындауына байланысты да күшейтілді. Өйткені бала үйден кеткен кезде өте жеңіл киінген екен.

Полицейлер мен еріктілердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында «саяхатшының» бүкіл бағытын бейнебақылау камералары арқылы бақылау мүмкін болды. Біраз қашықтықты жүріп өткен бала Төле би көшесіндегі Жамбыл политехникалық колледжінің жанындағы орындықтағы скверде демалмақшы болған. Іздеушілер оны сол орында ұйықтап жатқан жерінен тапты.

Анасының айтуынша, бала бірнеше рет үйден себепсіз кетіп қалған. Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Айтпақшы, баланың ата-анасы екі үлкен баласына да қатысты өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың заңды өкілдері облыс әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына шығарылды.

– Күзгі демалыс кезеңінде облыста 18-ден астам рейдтік іс-шара өткізілді. Білім беру ордасы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 164 қолайсыз отбасы тексерілді. Жастар көп жиналатын және демалыс орындарында профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп отырды, – деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру