Ақтаулық тұрғын пәтер аламын деп алаяққа алданған
Ақтаулық тұрғын пәтер аламын деп алаяққа алданған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алаяққа алданған жергілікті тұрғын полицияға арызданды. 28 қазан күні сағат 15:00 шамасында Күдікті Ақтау қаласында орналасқан пәтерлердің бірін 15,5 млн теңгеге сатамын деп жәбірленушіден 1,3 млн теңге ақшасын қолма-қол алған. Уәдесінде тұрмаған ол пәтердің кілтін де бермеген, алғашқы төлемді де қайтармаған, алдап кеткен.
Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен 35 жастағы азаматша анықталып, ұсталды.
Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.