Қостанай облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды
Қостанай облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қостанайлық полицейлер облыс орталығы мен өңірдің 15 тұрғынының атынан алаяқтық жолмен онлайн несие рәсімдеген алаяқты ұстады. Шығын шамамен 10 млн теңгені құрады.
Қылмыстық істер 15 эпизод бойынша тергелуде. Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны өңір аумағында алаяқтық әрекеттер жасаған.
– Ер адам бейтаныс адамдардың сеніміне еніп, өзін шетелдік тұрғын ретінде таныстырған. Ол өзінің қиын жағдайда және ақшасыз қалғанын айтты. Қаскүнем оған туыстарының ақша аударуы үшін олардан банктік шоттардың деректемелерін сұраған, – деді Қостанай қаласы ПБ жедел уәкілі Саят Асанов.
Күдікті сенімді жәбірленушілердің телефондары арқылы ақшалай және түрлі тауарларды сатып алуға онлайн-несиелерді рәсімдеген.
Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.