Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер 1500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Павлодарда полицейлер 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысының аумағында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Осы кезеңде полицейлер жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді, жүргізушілерде көлік құралын басқару құқығына тиісті құжаттардың болуын, еңбек және демалыс режимін сақтауды, жүргізушілерді рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуді, сондай-ақ жолаушыларды, оның ішінде таксиді заңсыз тасымалдаушыларды анықтауды жүзеге асырады.

Полицейлер 1541 әкімшілік бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, 201 такси және қоғамдық көлік жүргізушісі басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 103 такси жүргізушісі техникалық тексерусіз автокөлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылды, тағы 67 жүргізуші өз таксилерін рұқсатсыз қайта жабдықтады.

Техникалық жағдайы бұзылған автобустарды пайдалануға шығарғаны үшін 25 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, таксистердің заңсыз жұмысының 6 фактісі анықталды.

Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, жолаушыларды, жүктерді басқа елде тіркелген автокөлік құралдарымен тасымалдағаны үшін көліктік бақылау инспекциясына бір материал берілді, жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 575-бабы бойынша жазаланды.

– Павлодарда академик Сәтбаев көшесінде такси қызметтерінің біріне тиесілі Lada Granta автокөлігі тоқтатылды, онда 35 жастағы жүргізуші бағдаршамның рұқсат беру сигналын күтпей, жол қиылысынан бағдаршамның тыйым салу сигналына өтті. Жүргізушіге қатысты өрескел бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама жасалды, – деп нақтылады спикер.

Полицейлер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы “Автомобиль көлігі туралы” Заңының 19-9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында жолаушылар мен жүктерді шетелдік автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілмейтінін еске салады. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуға және (немесе) түсіруге тыйым салынады.

Құқықтық тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және азаматтарды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде өте мұқият болу қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру