Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер аязды күні жолда қалған жүргізушіге көмектесті

Қостанайлық полицейлер аязды күні жолда қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науырзым полицейлері 28 градус аязда қиын жол жағдайына тап болған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.

28 қарашада Арқалықтан Орал қаласына бара жатып, 35 жастағы жүргізушінің көлігінің тежегіш жүйесі қатып қалды. Көлік ақауын өз бетінше жою мүмкін болмағандықтан, полиция көмекке келгенше жүк көлігінде отыруға тура келді.

Науырзым ауданының ПБ қызметкерлері фураны Әулиекөл тас жолының 54-шақырымында 30 қарашада «Мал ұрлаушы» ЖААІШ өткізу барысында байқады. Полиция қызметкерлері Жарқын Нургалимов пен Марат Төлебаев автокөліктің ақауын жою үшін электр станциясы мен электр зеңбірегін ұйымдастырды. Сондай-ақ полицейлер жүк көлігінің жүргізушісін патрульдік көлікке отырғызып, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Әрі қарай ол өз сапарын сәтті жалғастырды.

– Қостанайлық полицейлерге көрсеткен көмектері үшін көп рақмет. Біздің полицейлер – нағыз батырлар. Олар кез келген ауа райында көмекке келе алады. Сіздерге жақсы қызмет тілеймін. Біздің полицияда осындай адамдардың жұмыс істейтіні қуантады, – деді Түркістан облысының тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру