Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында лицензиясыз алкогольді сатқан кәсіпкер жазаланды

Павлодар облысында лицензиясы жоқ бола тұра, алкогольді өнімдерді сатқан кәсіпкер жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

–  24 қаңтарда Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында алдын алу рейдін өткізу барысында полиция учаскелік инспекторлары алкагольді сатуға уақытша тоқтатылған лицензия бойынша кафеде алкагольдік өнімдерді сату фактісі анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

16 қаңтарда Павлодар облыстық сотының шешімімен жасы жиырма бірге толмаған тұлғаларға алкагольдік өнімді сатқаны үшін кафенің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) сәйкес 1 ай мерзіміне алкагольдік өнімдерді сақтау және жеке сату бойынша қызметін жүзеге асыруға лицензиясының күшін уақытша тоқтатумен 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік өндіріп алу шарасы қабылданды.

Алайда уақытша тоқтатылған лицензияға қарамастан, жеке кәсіпкер өз ісін жалғастырып, алкагольдік өнімді заңсыз сатқан.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Барлығы әртүрлі маркадағы 146 бірлік алкагольдік өнім тартып алынды, – деді Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру