Ақтөбе тұрғынын қорқытып, ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды
Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны К.Р.М. белгісіз адам дене жарақатымен қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданды.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаны бір бөлігін алу кезінде ұстады.
Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.