Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер металл парақтарын ұрлаған ұрыны анықтады

Елордалық полицейлер металл парақтарын ұрлаған ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ-ның полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен Жамбыл облысының 46 жастағы тумасын анықтады. Ол түнгі сағат бірде құлыпты бұзып, «РП 101» мекемесінің үй-жайына кіріп, одан 280 мың теңгеден астам сомаға металл парақтарын ұрлап кеткен. Ер адам ұрлық жасаған соң, ұрланған затын металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырып, полицейлерге жасаған іс-әрекетін мойындаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Еске сала кетсек, елордада қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын-алу және жолын кесу мақсатында 1 ақпан мен 10 наурыз аралығында «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Полицейлер жедел жағдайды талдауды ескере отырып, криминогенді аймақтарды анықтап, олар үшін учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметі, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлерінен тұратын мобильді топтарды құрды.

Тәртіп сақшылары ЖПІШ өткізу барысында 1300-ге жуық
тұрғын үй алқабын және қараусыз қалған үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді. 4 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру