Ақтөбе облысының жаңа тұрғын алаптарында ЖПІШ жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облысының жаңа тұрғын алаптарында ЖПІШ жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды тұрақтандыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жаңа тұрғын алаптардың аумағында жергілікті жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
— Іс-шараға учаскелік полиция инспекторларының, ювеналдық полиция инспекторларының және кешенді күштердің жеке құрамы жұмылдырылды. Жергілікті рейдтер Жаңақоныс – 1,2,3 және 4 тұрғын алаптарының тұрғын үйлерін аула бойынша аралап тексеруге бағытталған. Учаскелік инспекторлар бұрын істі болған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды тексереді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға құқықтық көмек көрсете отырып, визиткаларын және пәтер ұрлығының алдын алу бойынша брошюралар таратамыз. Бұл шаралар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, полицияның сервистік моделі аясында полицияның халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жаслан Өтепов.