Қарағанды облысының полицейлері бес ай бұрын жасалған қылмысты ашты
Теміртаулық полицейлер осыдан бес ай бұрын жасалған тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Былтырғы жылдың қыркүйек айында Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші әйел ашық тонаудың құрбаны болған. Оның айтуынша сағат 16:00 шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде белгісіз біреу кенеттен шабуыл жасап, мойынындағы алтын алқасын жұлып алып кеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушінің айтуына сәйкес күдіктінің жас аралығы 25-30 шамасында болған. Қылмысты ашу бойынша үздіксіз кешенді іс-шаралар жүргізілді.
Ақпан айында криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол ұрланған затты ломбардтардың біріне өткізіп, ақша алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.